Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық әйел шетінеп кеткен сәбиімен 15 күн бойы қоштасқан (фото)

32 жастағы британдық Линси Беллге дәрігерлер ұлының тірі туылмайтынын айтқан. 5 апталық жүктіліктен соң жатырдағы баланың жүрегі соқпай қалғаны анықталған, деп жазады Daily Mail.

загл5

Осыдан соң әйелді босандырған. Көп қан кеткендіктен Линс екі күн бойы комада жатқан.

598

Кейіннен Линси мен күйеуі өлі туылған Роримен 15 күн бойы қоштасқан. Олар сәбиді жуындырып, ертегі оқып беріп, оған тірі баладай қараған.

692

Олардың 10 жастағы Дейзи, 7 жастағы Макс пен 4 жастағы Поппи атты балалары да інісімен осылай уақыт өткізген.

785

«Адамдар менің көзімше Рори туралы айтуға ыңғайсызданады. Бірақ, мен ұлым туралы жақсы естеліктерді айтқанды жақсы көремін», – дейді Линси.

1284

Олар нәрестені атасының қасына жерлеген. Оның бейіт басында шырақ жанып тұр.

2146

«Ол біздің отбасымыздың мүшесі болып қала береді. Мен оны ешқашан ұмытпаймын», – дейді анасы.

3102

Жіберіп алмаңыз:

Түркияда мерзімінен бұрын туған павлодарлық сәби шетінеп кетті

Павлодарда салмағы 7 келі болған шарана анасының құрсағында шетінеп кетті

Оралда шетінеп кеткен сәбидің қан құрамында алкоголь бары анықталды

Талқылау