Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда шетінеп кеткен сәбидің қан құрамында алкоголь бары анықталды

Артем есімді сәби екі жасына толар шағында қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні құсып ауырып, шетінеп кетті. Бұл түні сәбидің 19 жастағы анасы оны ата-анасына тастап, өзі қыдырып кеткен.

bac00ae8bebaf70a63f66d7c852bf2fd08b5ae50_650

Бұл туралы Уральская неделя хабарлайды

«Баланың атасы мен әжесінің тұрмысы төмен. Олар ішімдік ішкен. Өздерінің айтуынша, олар баланы тамақтандырып, пештің жанына жатқызып қойған. Келесі күні баланы өлі күйінде көрген. Сараптама нәтижесі бойынша шетінеген баланың қан құрамында ішімдік бары анықталды», – дейді қала прокурорының жоғарғы көмекшісі Алмагүл Исмағұлова.

Енді атасы мен әжесіне қатысты іс ҚР ҚК 141 бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларды 5 жылға бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Осындай тұрмысы төмен отбасының барын біле тұрып, ол туралы прокуратураға хабарламағаны үшін жергілікті полицейлер де жауапкершілікке тартылады. Облыстық денсаулық сақтау бөлімі де аталған іске жауап береді. Сәби теміржол ауруханасында есепте тұрған екен.

Артемның әжесі өз кінәсін мойындап отыр. Немересінің сілекейіне шашалғанын, әлде құсқанын,  сол кезде барып қарамаған айтады.

БҚО-ның Үлкен Шаған кентінде 2 қаңтар күні 1 жасқа толмаған Дмитрий Любин есімді сәби де дем ала алмай шетінеген еді. Сол күні оның да ата-анасы мас күйінде болған. Кейіннен баланың екі жастықтың ортасында тұншығып қалғаны анық болды.

Талқылау