Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш аптада екі рет жүкті болған әйел егізді босанды

Ұлыбритания тұрғыны үш аптада екі рет жүкті болып, егіз бала босанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жүктіліктің алғашқы белгілері қандай?

39 жастағы Ребекка Робертс (Rebecca Roberts) ұлына жүкті боп жүріп қызын көтергенін айтты.

"Мен тіпті жүкті болғанымды білмедім", - дейді ол. Егіздер 2020 жылдың қыркүйегінде 33-ші аптада, жоспарланған мерзімнен бұрын дүниеге келді. Робертс Розалидің кіндік ауруына байланысты кесарь тілігімен босануға мәжбүр болды.

Туған кезде Нойдың салмағы 2 келі, ал оның әпкесі Розалидің небары 1,2 келі болатын. Екі жарым ай бойы Розали ауруханада дәрігерлердің бақылауында болып, денсаулығына қауіп сейілгенде үйіне жіберілді. Дәрігерлер суперфетация деп аталатын егіз жүктіліктің себебі Робертс қабылдаған бедеулікті емдеуге арналған таблеткалар болуы мүмкін деп санайды.

Медициналық тәжірибеде суперфетация өте сирек кездесетіні атап өтілді. Осы уақытқа дейін әлемде осындай онға жуық жағдай тіркелген.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 08 Ақпан, 2021 16:20
Талқылау