Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилиялық футболшылар қазақтың шапанын киіп, Қаражорға биледі (видео)

Желіде бразилиялық футболшылардың қазақтың ұлттық киімі шапанды киіп, "Қаражорға" биін билеп жүрген сәті жария болды. Желі қолданушылары оң бағасын беріп, әртүрлі пікір жазды. 

Бұл сәт әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеоны Атырау кіші футбол клубыны Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

Шетелдік футболшылар арасында Синезио, Антонио Далтон, Эвертон, Эрик Данило, Манеку және Келсон Винисиус бар. Олар қазақтың шапаны мен бас киімін киіп, "Қаражорға" биін биледі.

“Дәстүр бойынша, еліміз үшін қадірлі мейманның еңбегі ескеріліп, жергілікті халықтан шапан сыйлыққа алады. Біз де Бразилиядан келген қонақтарға шапан тарту еттік”, – делінген хабарламада. 

Желі қолданушылары оң бағасын беріп, әртүрлі пікір жазды. 

"Өзіміздің қазақтың жігіттері секілді екен. Жақсы болған екен", "Сонда шапан сыйлады ма? Қаражорғаны қайдан біледі?", "Қазаққа алғыс ретінде билеп жатыр", "Бәрі жарасып тұр, артық ешнәрсе көріп тұрған жоқпын", "Шетелдіктерді қазақша билеткендер, жарайсыңдар", - деп жазды олар. 

Талқылау