"Тынышталыңыздар. Мен кетемін": Божко лауазымын босатпақшы

ҚР парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владмир Божко депутаттардың келесі шақыртуына қатыспайтынын мәлім етті,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Божко

Мемлекет басшысы мен парламент мүшелеріне алғыс айтқан ол зейнетке кететінін мәлімдеді. 

"Барлықтарыңызға рахмет! Тынышталыңдар, мен кетемін. Мен Facebook-те де кететінім жайлы жазып қойдым. Мені зейнетке жібере алмағандар болып еді. Менің жеті немерем бар, алдағы уақытта істейтін іс табылады", - деді Божко. 

Бұған қоса, ол мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинге ерекше алғысын білдірді. 

"Парламентте жүргенімде мен орасан зор тәжірибе жинадым. Бұған дейін де заң шығарушы саласында болдым, алайда мәжілістегі еңбегімнің орны бөлек. Бір айта кетерлігі, өз ісінің академигі Нұрлан Нығматулин басқарған мәжіліске түсіп, талмай еңбек еткеніме қуаныштымын", - деп қосты Божко. 

Сөзінше, 2019 және 2020 жылдары еліміздің әлеуметтік, қаржылық ауқатын көтеретін бірқатар заңдар қабылданған. 

"Екі триллион теңгеге жуық қаражат әлеуметтік көмек және жалақы ретінде халықтың қалтасына түсті. Мен бес жылда қажырлы еңбек ете алдым деп ойлаймын", - деді мәжілісмен. 

Айта кетейік, Владимир Божко 2016 жылғы парламенттік сайлауда Қазақстан халқының Ассамблея Кеңесінің VI шақырылымында мәжіліс депутаты болып сайланған еді. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр