Жағдайы төмен отбасылардың қалай өмір сүріп жатқанын көрдіңіз бе? Нұртас Адамбай депутаттың сөзіне сын айтты
Нұртас Адамбай депутат Владимир Божконың сөзіне қарсы пікір айтты. Бұл депутаттың мемлекеттік көмек жайлы айтқаны жазған жауабы.

"Депутат Божко, сіз «17 есе өскен» бұл мемлекеттік көмек тиімді болса, онда көмекке мұқтаж отбасылар саны бүгінде аздау болар еді деп ойламадыңыз ба?
Қалай ойлайсыз, жақсы өмір сүретін адамдар мемлекеттік көмек сұрай ма?
Сіз өз көзіңізбен бүгінде жағдайы төмен отбасылардың қалай өмір сүріп жатқанын көрдіңіз бе?
Сіз «адамдар мемлекет алдында тізерлеп алғыс айту керек» дегенге сенімдісіз бе?
Сіз кімді осылай етпекшісіз?
Мемлекеттік қызметкер керісінше мүдделерін қорғауға тиісті адамдарға қатысты осындай пікір білдіруіне рұқсат па?
Зейнетке шығатын кезіңіз келген секілді ме, Божко?", деп жазды Адамбай желідегі парақшасында.
Бұған дейін Владимир Божко халық мемлекет алдында тізерлеп алғыс айтуы тиіс деген пікір айтқан болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар