Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тампон қолданған бойжеткен аяғынан айырылды (фото)

24 жастағы Лорен Вассер әлем  алдында шындықты айтты. Шашының түсі ақ, ерні мен бет-жүзі сүйкімді келген ол нидерландылық топ-модель Лару Стоунмен бақталас болуға дайын еді.

wasser_12

Вассер ‘Italian Vogue’ түсіріліміне қатысып, бос уақытында баскетбол ойнап, күн сайын 30 миль велосипедпен қыдыратын.

Бірде ол тұмаумен ауырып, жақында өзінің еттеккірі келетінін біліп жүреді. Ол жақын жердегі дүкеннен ‘Kotex Natural Balance’ тампонын сатып алады. Вассер де бала күнінен қалыптасқан әдет бойынша, әрбір 3-4 сағат сайын тампонды ауыстырып тұратын. Алайда, ол дострымен бірге отырған жиында өзін әрең ұстап жүрді. Достары да оның жайсыз күйде тұрғанын байқайды. Кейіннен оны Санто-Моникадағы үйіне апарып тастайды. Ол ес-түсін білмей ұйықтайды.

wasser_10

Ертесі күні Вассер полицейлер есік қаққанда оянады. Модель есін жинай алмай, күндіз не түн екенін ажырата алмай дал болады.

Ертесі күні де досы оны еденде жатқан жерінен табады. Температурасы 42 градусқа дейін көтерілген қызды емханаға жеткізеді. Оның ішкі ағзасы жұмысын тоқтатқан. Жүрек талмасы ұстаған. Дәрігерлер оған нақты дигноз қоя алмайды.

Дәрігерлер кейіннен тампонды сараптамаға жіберіп, оның токсикалық шок жағдайына жеткізгенін айынқтайды. Бұл бактериялық инфекция.

Бұған дейін тампондар арқылы осындай дертке шалдыққандар саны аз емес.

Тампонның синтетикалық қабаты стафиллоктарды тудырады. 1980 жылы  ‘Proctor & Gamble” Rely’ тампонын шығарғанд да АҚШ-та осындай қайғылы оқиға болған.

«Бұл менің өмірімдегі ең ауыр күндер болды. Оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын», – деп еске алады Лорен.

wasser_13

Кейіннен Лоренге жасанды наркоз береді. Өзі оянғанда ішінен бірнеше түтікшелердің шығып тұрғанын айтады.

Жанында токсиндер салдарынан қарайып кеткен әлдене оның қанынан ағып жатады. Лореннің өзі бастапқыда тамақтан уланғанмын деп ойлаған.

Дезориентациядан да ең сорақысы оның қолы мен аяғы да күйдірілген еді. Науқасты Лос-Анжелестегі калиорния университетіне жіберіп, оның аяғына ем жасатады.

Бірде Лоре анасының әлдекіммен телефон арқылы сөйлесіп жатқанын естіген. Анасы: «Менің 24 жаста қызым бар. оынң оң жақ аяғына ампутация жасау керек» деп жатады.

Бұл сөздің естегінде Лорен есінен тана жаздайды. Кейін науқастың анасы ‘Kimberly-Clark Corporation’-ның қатысуымен, Kotex Natural Balance’ тампонын сатқан ‘Kroger’, ‘Ralph’ дүкенімен бірге сотта кездеседі. Ондағы негізгі мақсаты тампонды қолданудың зиянын ел алдында айту, сабақ ету еді.

Адвокат Вассер, Хантер Дж. Школьник: «Лореннің жағдайына қатты таңғалдым. Бірақ бұның да себебі бар. Ол тампонды уақытынан бұрын алмаған» деді.

Бұл өндіріс материалын әлі ауыстырған жоқ. Сот процесі әлі де жалғасуда.

Вассер бір аяқсыз жаңа өміріне үйренісе алмай жүрді. Оған құрбысы фотограф Дженнифер Роверо қолдау білдіріп, көп қыздарға тампонның зиянын түсіндіріп келді.

Профилактикалық аурулар және бақылау орталығының мәліметіне сәйкес, 15 пен 44 жас аралығындағы 100 әйелдің 1-2уі осы дертке шалдығып жатады.

Жіберіп алмаңыз:

Алты баланың өлі денесін жасырған әйел ұсталды

Меккедегі қағбаны өртеуге ұмтылған адам ұсталды

20 метрлік биіктіктен құлаған әйелді жұбайы шашынан ұстап құтқарып қалды

Талқылау