Бойжеткен сүйіктісінің бір кездері өзін құтқарып қалғанын кездейсоқ біліп қалды
Тайвань тұрғыны Лин Ксаофен бірнеше жылдар бойы өзін құтқарып қалған азаматпен көңіл жарастырып жүргенін кездейсоқ біліп қалған.
9 жыл бұрын бойжеткен көп қан жоғалтып, емханаға жеткізіледі. Өмірі қыл үстінде тұрғандықтан оған донор іздейді. Ақыры қан беретін донор табылып, дәрігерлер өмірін аман алып қалған. Қыз өзіне донор болған адамды іздеймін деген ниетте жүреді. Кездейсоқ осы оқиға жайлы сүйіктісіне айтқанда ол қалжыңдап құтқарушының өзі болуы мүмкін екенін айтып қалады. Өйткені ол бірнеше рет донор болған екен.
Мұны естіген соң бойжеткен емханаға барып, өзіне онор болған азаматтың аты-жөнін сұрастырады. Оған өз жігітінің есімін айтқанда, қатты таңғалады.
Жергілікті телеарнаға берген сұхбатында жігіті Лиан Зиченг сүйіктісі екеуінің арасында ментальді байланыс барын бірнеше рет сезінгенін мойындады.
«Болашақ әйеліңді қалайда құтқару мүмкіндігің болу керек», – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
“Анасы мен қызы” өздерінің транссексуал екендерін мойындады (фото)
АҚШ-та әйел суреттен марқұм қызының елесін көріп қалған (фото)
Қытайлар мұсылмандар үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жайнамаз шығарды (фото)