Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен маскүнем әкесінен көрген қорлығы туралы айтып жылады

Бойжеткен маскүнем әкесінен көрген қорлығы туралы айтып жылады. Әкесінің қатал мінезіне шыдамаған жалғыз бауыры 11-сынып оқып жүргенінде асылып өлмек болған. Осыдан кейін әкесі сабасына түскенімен, үнемі қыздарын ренжіткен күйеу балаларының сөзін сөйлейді екен.

version.medium

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Біз жанұямызда 6 қыз, 1 баламыз. Әке-шешем қазір зейнет жасында. Әкем ақкөңіл, ашуы тез тарқайтын, жүрегі таза, аңғалдау, аңқау адам болатын. Оны жамандаудан аулақпын. Құдайдан қорқамын. Ес білгелі әкеміз бізді еркелетіп өсірген жоқ. Өте қатал болатын. Анам үнемі жұмыс істеп жүретін. Ал әкемнің жұмысы дұрыс жүрмейтін. Егін егіп, мал бақса да, анам секілді табыс таппайтын. Анам бізді ғана емес, әкемді де асырады. Әкем жалқау болды десем де болады. Үйде жұмыссыз жатқанымен қоймай, жанжал шығаруға әуес болатын. Ішімдікке тойып алып, көршілерге қарамай бізге боғауыз сөздер айтатын. Көптің алдында масқаралайтын. Әкем үшін қатты намыстанатын едім.

Неге бұлай болды екен деп жылайтынмын. Үйде бір зат сынып қалса да, бізге боғауыз сөздер айтатын еді. Ит мінезді адам болды. Шынымды айтсам, әкемнің бойынан жақсы қасиет көрмедім. Алыста жүрсем, тек анамды сағынатын едім. Үйде тыныштық болмағаны үшін оны жақсы көре алмадым. Жалғыз інім де әкесін жақсы көрмейді. Ақыры 11-сыныпта інім асылып өлмек болды. Осыдан кейін әкем сабасына түскен сыңайлы. Әпкелерім “Әкеміз өлсе, өтірік жылайтын едік” дейді. Әкемізден еш рахат көрмедік. Есіме түссе жылағым келеді. Қыздарының емес, күйеу балаларының сөзін сөйлеп отырады. Негізі қорқақ, су жүрек адам. Ешқашан, ешқайсымызға жақсылық істеген емес. Тек анам бәрімізге қарайлайтын”, – дейді бойжеткен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

35 жастағы әйел өзінің отырып қалғанына төркіншіл анасын айыптады

Келіншек екінші күйеуін көңілдесінен қалай ажыратып аларын білмей жүр

Алып қашудың құрбаны: Үйге кетейін десем, әке-шешемді жерге қаратамын деп қорқамын

Бойжеткен жігіттерді аузына қаратқан туған сіңілін қызғанып жүр

Талқылау