Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен жігіттерді аузына қаратқан туған сіңілін қызғанып жүр

19 жастағы қазақстандық бойжеткен өзінен әлдеқайда сұлу әрі ақылды сіңілісіне қызғанышпен қарайтынын айтып жатыр. Тіпті, кездесіп жүрген жігіті осы сіңілісіне ғашық болып қалған екен.

get_img

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Құдайға шүкір, бақуатты отбасында дүниеге келдім. Менен кейін биыл мектепті тәмамдаған 17 жастағы сіңілім мен 8 жасар бауырым бар. Ата-анам – білімді, тұрақты жұмыстары бар адамдар. Ұят болса да айтайын, сіңілімді көре алмайтын сияқтымын. Өзі сұлу әрі бойшаң. Ақкөңіл, дене сымбаты да тамаша. Бірақ, онымен бірге көшеге шыққым келмейді. Бәрі соған ғана назар аударады. Тіпті, жігіттер соңынан қалмайды. Өзім де тәуір қызбын. Бірақ, мен ұнатқан жігіттердің барлығы сіңіліме назар аударады.

Сіңілімнің сұлулығы былай тұрсын, салмақты мінезімен көпке ұнайды. Биыл бір жігітпен сөйлесіп, екеуіміз бір-бірімізді қатты ұнатып қалдық. Жігітім сауда орталығынан менің сіңілімді көрді де, соған қарап, аузы ашылып тұрып қалды. Қазір көп сөйлеспейміз. Қоңырау шалғанның өзінде сіңілім туралы сұрай береді. Ал сіңілім ол жігітпен мүлдем сөйлеспейтінін айтады. Не істеуге болады? Маған ұнаған жігіттер сіңілімді көрсе, бастары айналып қалады. Мені сөкпеңіздерші, өтініш. Осы мәселеге қатысты пікірлеріңіз қажет болып тұр”, – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек достарымен неке түні туралы ашық әңгімелесетін күйеуіне ренжіп жүр

Төркініне қайтқан қыз әке-шешесінің ұзатуға алған несиесін қалай ақтарын білмей жүр

Жезөкше болған қазақ қызы тікелей эфирде мұңын шақты

Студент намазы мен жігітін тастауға мәжбүрлеген әпкелері туралы айтып жылады

Талқылау