Алып қашудың құрбаны: Үйге кетейін десем, әке-шешемді жерге қаратамын деп қорқамын

Сейсенбі, 25 Шілде , 2017 12:18

25 жастағы Әсел Байболованы осыдан бір жыл бұрын бұрын-соңды көрмеген жігіт алып қашқан. Ол әлі күнге дейін өзін алдап мерекелік отырысқа алып барған құрбысына ренжіп жүр. Қайын жұртымен сыйыса алмаған келіншек, енді төркініне қайтуға ұялып жүргенін айтады. Іштей әке-шешесін жерге қаратамын деп қорқады екен.

1331404992_11831-1920x1200

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Мені алып қашқанға дейін күйеуімді мүлдем көрген емеспін. Сол күні құрбымның жігіті үшеуіміз мерекелік отырысқа бардық. Күйеуім де сол жерде жүрді. Бірақ, менің тарапымнан оған деген ешқандай ілтипат болмады. Оның үстіне өзімнің жүріп жүрген жігітім бар еді. Қайтарда бес адам болып көлікке міндік. Бірінші құрбым, кейін оның жігіті түсіп қалды. Екі жігітпен өзім қала бердім. Бір кезде бөтен жаққа кетіп бара жатқанымызды байқап, айқайға бастым. Бір жігіт қолымдағы телефонды жұлып алып, “Сені алып қашып бара жатырмыз” деді. Мені үйіне алып барған соң күштеп көліктен түсірді. Үйіндегілер тойға дайындалған екен. Басыма орамал салып, сөзіме ешкім құлақ аспады. Қатты ашуланып, ызаландым. Сол сәттегі сезімді айтып жеткізе алмаймын.

Үлкен кісілер жолымды бөгеп, ақыры амалсыз сол үйде қалдым. Қуғыншы болып келген аға-жеңгеміз мені алып кетпеді. Әке-шешемнің абыройын ойлаған болар. Бұрын басқа жігітпен жүріп жүргендіктен, күйеуіме ашыла алмадым. Ол көңілімді табуға тырысып, бір-екі ай жақсы адам болып жүрді. Менде бір-бірімізге ұнап кетерміз деген үміт болды. Күйеуім жұмысқа кетіп, үйге бір айлап келмей кетуді шығарды. Ішетінінен бөлек, ата-анасын мүлдем тыңдамайтын еді. Мені де адам құрлы көрмей кетті. Жағдайымды сұрамайды, мүлдем сөйлеспейміз. Әңгімелесейін десең, бірден ашуланып шыға келеді. Мүлдем бір-бірімізді түсінбейміз. Ары қарай жағдайымыздың не болатынын білмеймін.

Бастапқыда сәбилі болғым келіп жүрді. Кейін болашағым жоқ екенін түсініп, жүктіліктен сақтандыратын дәрі іше бастадым. Өзім жақсы көретін адамнан ғана бала сүйгім келеді. Бір шетінен үйден кетіп, ата-анамды жерге қаратқым келмейді. Ата-анама қазіргі жағдайым туралы мүлдем айтпаймын. Бір жыл ішінде күйеуім жақсы жаққа өзгерген жоқ. Соңғы күндері болашағымыздың жоқ екенін түсінгендеймін. Ата-анам мені бұрынғыдай қабылдап, еркелете ала ма екен?! Ал қайын жұртымда мені қолдап, түсіністік танытатын адам жоқ”, – дейді 25 жастағы Әсел Байболова.

Психолог Марал Сарбасқызы келіншекке батылырақ болып, тағы да қате таңдау жасамауға кеңес берді.

“Сізді ол үйде ұстап отырған үрей. Әке-шешеңіздің абыройына дақ келтіруден қорқасыз. Сіз бірнәрсені ұмытып отырсыз. Әке-шешені, дәстүрді сыйлау керек. Бірақ, сіз – жеке тұлғасыз. Алып қашқан кезде “Қайтып келген қыз жаман” деген сөзге бола сол жерде қалдыңыз. Қандай нәтижеге қол жеткізгеніңізді өзіңіз көріп отырсыз. Есіңізде болсын, қарым-қатынас құра алмайтын ер-азаматтар өз еркінен тыс қыздарды алып қашады. Ол адамның мінезі, көзқарасы, тәрбиесі басқа. Тіпті, иісі де.

Бұл нәрсенің барлығы екінші адамның психикасы мен ағзасына ауырлық түсіреді. Қыз бен жігіт бір жыл бойы жүріп қосылғанның өзінде бейімделуге тоғыз айдан астам уақыт керек болады. Ал сіздің жағдайыңызда күйзеліске түскен қызды жаңа ортаға апарып отыр. Мұны қабылдай алмауыңыз орынды. Ол сіздің кінәңіз емес. Бақыт деген – адамның қалпы. Егер сол қалып жан-дүниеңізге үйлесімділік сыйлай алмаса, ол сіздің адамыңыз болмағаны. Ал бұдан басқа қандай шығу жолдары бар? Өзіңізді құрбандыққа шалмақшысыз ба? Мен сізге айырылысыңыз немесе бірге тұрыңыз деп айта алмаймын. Себебі, тағдыр сіздікі”, – дейді психолог маман.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен жігіттерді аузына қаратқан туған сіңілін қызғанып жүр

Келіншек достарымен неке түні туралы ашық әңгімелесетін күйеуіне ренжіп жүр

Төркініне қайтқан қыз әке-шешесінің ұзатуға алған несиесін қалай ақтарын білмей жүр

Жезөкше болған қазақ қызы тікелей эфирде мұңын шақты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар