"Босанған әйелдің іш киімін әкеліп берген": Ләйлә Сұлтанқызы бала көтеруге қатысты ырымдарды бөлісті
Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы бала көтере алмай жүрген қыз-келіншектерге қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/
БАҚ өкілі құрсағына сәби бітпеген әйелдер қандай наным-сенімдерді жасайтынын айтты.
“Бұтының арасынан өт… Бала көтере алмай жүрген келіншектерге түрлі ырымдарды айтып, көрсетіп жатады. Үмітін үзбейтіндер бәрін жасайды. Көнеді. Сенеді, сенбейді білмеймін.
• алтын құрсақты ананың аяғының ортасынан өткізу
• әулиеге түнеу
• босанған әйелдің, не ер азаматтың іш киімін ұрлау
• жөргек сыйлау
• емшілерге бару, айтқанын істеу
Бұл мен сұхбат алып жүрген келіншектерден естігенім. Білмейтінім қаншама?”, – деп жазды медиа маманы.
Сөзінше, өзі де тұрмысқа шыққаннан кейін бір жыл бала көтере алмаған көрінеді.
“Өз басым тұрмысқа шыққан соң бір жылдай көтере алмағанда құрбыларым босанған әйелдің іш киімін әкеліп берген. Мен оны әзіл деп қабылдадым”, – деді журналист.
Еске салайық, арбаға таңылған күйеуімен гендер пати жасаған блогер келіншек жан сырын ақтарған еді.