Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бос вакансия бар ма?": Тіркестердегі қателіктер

Сіз бұрын-соңды «плеоназм» терминін естідіңіз бе? Бүгінгі шығарылымда редакция сөйлемде жиі кететін қателік - тавтология жайлы мәліметтер ұсынады.

Плеоназм – мағынасы жақын сөздердің тіркесін білдіретін стилистикалық термин. Бұл термин грек тілінен аударғанда артық деген мағына береді.

Мысалы: қара-күйе, кәрі кемпір, құр-бекер, ежелгі-ескі, құдды бір т.б. Мысалдардан байқасақ, кәрі кемпір деген тіркесте «кемпір» деген сөз кәрілікпен пара-пар. Оны «кәрі» демесек те түсінікті.

«Құр-бекер» деген мысалда да екі сөздің мағынасы бір, біреуін қолдансақ та жеткілікті.

«Құдды бір» сөздерінде «құдды» сөзі «бір» деген мағынаны білдіреді. Плеоназмның ерекше бір түрі дыбыстық құрылысы, мағынасы бірынғай сөздердің қайталануы болып табылады. Оны кейбір ғалымдар тавтология деп есептейді.

Сонымен қатар, кейде адамдар сөздің мағынасын жете түсінбегеннен де тавтология жасауы мүмкін. Мысалы, «бос вакансия бар ма?» деп сұрап жатады. Бұл жерде «вакансия» сөзі «бос орын» дегенді білдіреді.

Дайындаған: Аққибат АҚЖІГІТОВА

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Наурыз, 2021 15:54
Талқылау