Бортында 19 адам болған ресейлік кеме теңізге батып кетті
Бортында 19 адам болған ресейлік "Онега" балықшылар кемесі Баренцово теңізінде батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
19 адамның екеуін басқа кемедегілер құтқарып қалыпты. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қалған 17-сі із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында. Алдын ала болжам бойынша олардың аман қалуы мүмкін емес.
Кемеде болған балықшылардың көбі ресейлік азаматтар көрінеді. Ауа райының салдарынан қазір әуе құтқарушыларын тарту мүмкін болмай тұр. Ресейдің ТЖМ мәліметінше, кеменің суға кетуне мұздың қатуы себеп болған сыңайлы.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”