Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бордюрбек" атағы: Алматы әкімі жолдарға бөлінген қаражаттың жеткіліксіз екенін айтты

Алматы әкімі  Ерболат Досаев қала билігі жол жиектерін негізсіз ауыстырмайтынын, жолға  бөлінген қаражаттың аздық ететінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Досеав

"Маған "Әкім Досаев "бордюрбек" атағын сіз де алатын шығарсыз” деген ұсыныс айтылған. Бірақ Алматыдағы гранит бордюрлардың 99% сақталғаны туралы басар назарға ала отырып айтқым келеді”, – дейді Досаев.

Ол бетон бордюрлердің қызмет ету мерзімі граниттілерге қарағанда қысқа, сондықтан жиі ауыстырылатынын айтты. Бұл ретте бордюрлерді ауыстыру құны алдын ала есептеліп, жол жұмыстарының сметасына енгізіледі.



"Егер алматылықтар жақсы бордюрлер негізсіз ауыстырылып жатыр немесе жолдар дұрыс емес жөнделіп жатыр деп есептесе, әкімдік жауап беруге және шара қолдануға дайын. Бірақ біз Алматыдағы жолдарды қалпына келтіру мен салуға бөлінген қаржы көлемі тым төмен деп есептейміз. Алдағы үш жылға арналған бағдарламамызды қайта қарастырамыз, жақсы жолдар салу керек", - дейді Ерболат Досаев.

Талқылау