Боран соғып тұр: Нұр-Сұлтандағы мектептерде екінші ауысымның сабақтары тоқтатылды
Нұр-Сұлтанда боран соғып тұр. Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақтар тоқтатылды, автокөліктердің қозғалысы қиындады, көшеде көріну деңгейі нашарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін қалада дауылды ескерту жарияланған. Күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы мүмкін.
Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауып, кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түсіп, қатты жел тұрады.
Елорда жолдарында көріну деңгейі нашарлағаны байқалады.
Ауа-райына байланысты Нұр-Сұлтан мектептерінде екінші ауысымның сабақтары тоқтатылды. Студенттер қашықтан оқу форматына ауысып жатыр.
Ауа райы болжамы бойынша, Нұр-Сұлтандағы боран 23.00-ге дейін жалғасады, ал ауа температурасы кешке минус 20 градусқа дейін төмендейді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”