Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бөпені не істемекшісің?": Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен танысқан сәтін есіне алды

Танымал жайдарманшы, актриса Мереке Қалбаева өзінен 6 жасқа кіші жолдасымен қыз бен жігіт болып жүргендегі кездерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/merekusha.k/

Әзіл әлемінің жұлдызы осыдан оншақты жыл бұрынғы фотоларын көрсетті. 

“Арсеннің бұрынғы түрі “потолок”, иә? Арықтығын қараңыздаршы. Бәйтеректің жанындағы бағана екеуі егіз сияқты. 30 келі салмақ тастап, өзгерген кезімде маған көп жігіт әңгіме айта бастады. Таңдау көбейіп кетті. Ал мен ол кезде Арсенмен жүріп жүрмін. Бірақ ешкімге айтпаймыз, себебі екеумізде "өтірік" деп ойлап жүрміз. Бір күні бір жігіт "Мен сені жақсы көремін, жүрейікші, үйленемін" деп қоймаған соң Арсенмен жүретінімді айттым. Ол Арсеннің түрін көріп, шок болып, "Бөпені не істемекшісің?" дегені есіме түсіп кетті. Ол кезінде байқалмаған, қазір қарасам, шынымен бөпе болған екен ғой. Мен Арсеннің қылтырықтай болғанына мүлде мән бермеппін. Жасқаншақтану дегенді ойламаппын да. Қалай бар, солай жақсы көргем ғой", – деп жазды ол.



Еске салайық, өнер иесі қарызға кіріп кетіп, күйеуімен ажырасып кеткенін айтқан еді. 

“100 емес 200 млн-ға жақын еді қарызым. 100 миллионнан 4 айда құтылып тастадым, Аллаға шүкір! Қалғанын да жаба аламын. Бірақ жасырып шаршап кеттім. Мені қинағаны Арсенге айта алмай жүргенім еді. Ол да білді. Кезінде 3-4 миллион теңге үшін ажырасуға дейін барған едік. Хайырлысы… Үлгілі отбасы едік,🥹әрі қарай да солай болайық деп дұға жасап қойыңыздар”, – деген болатын актриса. 

Талқылау