AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Жәмішев: «Самұрық-Қазына» жұмысының тиімділігі халық үшін зор маңызға ие

Нұр-Сұлтан қаласында "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Stan.kz.

Жиынға Қоғамдық кеңес төрағасы Болат Жәмішев бастаған кеңес мүшелері қатысты. Қор қызметкерлері жан-жақты есеп берді. Ал кеңес мүшелері көптің көкейінде жүрген сұрақтарды қойды.

Жиында экономистерден Рахым Ошақбаев, Данияр Темірбаев сөз сөйледі. Ел ішінде билет бағасының қымбаттап кеткені айтылды. Кеңес мүшелерінің айтуынша, бұл проблема, әсіресе жазғы демалыста өзекті. Отырыста сонымен қатар сарапшы Айдар Қазыбаев "Самұрық-Қазына" басшысының өзі көпшілік алдында есеп берсе деген ұсынысын білдірді. Кеңес мүшесі Ләззат Жүнісова алдағы отырыстардың бірі қор бөлетін дивиденттер тақырыбына арналуы керектігін жеткізді.

"Самұрық-Қазына" тарапынан Ғибрат Ауғанов, Сәкен Пірмаханов пен Дәурен Ақшалов кеңес мүшелері қойған өзекті сауалдарға жауап берді. Қоғамдық кеңес тарапынан көтерілген мәселелерді бірге талқылауға, әрі соны шешуге күш салуға дайын екенін ашық айтты.

"Мұнда сарапшылардың кейбірі Самұрық-Қазынаны Норвегиядағы мұнай қорымен салыстырып жатыр. Шын мәнінде, Норвегияның мұнай қоры біздің Ұлттық қордың баламасы. Яғни бұл холдингтің жұмысының тиімділігі халық үшін зор маңызға ие. Холдингтің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 6,2%", - деді сөз соңында Болат Жәмішев.

Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын "Самұрық-Қазына" өкілдері назарға алатынын айтты.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр