AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Жәмішев "Самұрық-Қазына" қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды

"Қазақстан халқына" қорының директоры Болат Жәмішев енді "Самұрық Қазына" қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды. 16 ақпанда кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарланды "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен. 

Қоғамдық кеңес құрамына белгілі мемлекет пен қоғам қайраткерлері, сарапшылар, қаржы секторының өкілдері мен медиа-қоғамдастық өкілдері кірді. Ашық дауыс беру арқылы, бір адамның қалыс қалуымен басым дауысқа ие болып, оның төрағасы ретінде "Қазақстан халқына" ҚӘҚ төрағасы Болат Жәмішев сайланды", - делінген хабарламада.

Қоғамдық кеңестің жұмысы қаржылай шығынды талап етпейтіні, оның мүшелеріне ешқандай еңбекақы төленбейтіні атап өтілді. 

Алғашқы отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері "Самұрық-Қазына" АҚ реформалау жоспары туралы баяндаманы тыңдады. Қор өкілдері жетілдіру үрдісінің алғашқы нәтижелерімен танысып, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді. 


"Балалар өліп жатыр, ал сіздер 500 мың теңге жалақы беріп жатсыздар": Продюсер "Қазақстан халқына" қорының директорына шүйлікті


Қатысушылар қоғамда қызу талқыланып жатқан өзекті мәселелерді, соның ішінде кадрлық саясат, сатып алулар, "Самұрық-Қазына" тобының активтерін жекешелендіру, ұлттық компаниялардың қордаланып қалған проблемаларын жан-жақты талқылады.

Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев өз кезегінде қоғаммен ықпалдасу қордың қызметін жетілдіру және ұйымдастыру жолындағы маңызды тетік екенін тілге тиек етіп, қоғамдық кеңес мүшелерімен ашық диалог орнатуға әзір екенін жеткізді. 

Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша, кеңес мүшелері қордың жұмысын жандандырып, оның ашықтығын қамтамасыз етіп, есептілігін арттыруға мүдделі екендерін білдірді.  "Самұрық-Қазына" АҚ қоғамдық кеңесі 2021 жылдың желтоқсан айында үміткерлерді ашық конкурс арқылы іріктеу жолымен құрылды. Оның құрамына 10 адам кіреді (7-уі азаматтық қоғам өкілі, 3-уі – Қор қызметкерлері). 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр