Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Болашақта күйзеліске түсіп, есірткі қолдануы мүмкін": Балаларды ұру мидың дамуына кері әсер ететіні анықталды

Гарвард ғалымдары ұрып-соғу баланың миының дамуына зорлық-зомбылықтың ауыр түрлерімен бірдей әсер етуі мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар зерттеулерінің нәтижелерін Society for Research in Child Development Journal журналында жариялады. Олар қорқыту мен қатыгездік таныту балалардың миының белгілі бір аймақтарында белсенділіктің артуына себеп болатынын атап өтті. Егер бұл үнемі орын алса, мазасыздықты, депрессияны, мінез-құлық проблемаларын және есірткіге байланысты психоактивті заттарды қолдану (бұл есірткі тізіміне кірмейтін әртүрлі химиялық, биологиялық және дәрілік заттарды теріс пайдалану) қаупін арттырады.

Зерттеуге 10 және 11 жас аралығындағы 147 бала қатысты. Олар дене жазасын алған, бірақ зорлық-зомбылықтың қатал түрлеріне емес. Балаларға бейтараптықтан қорқынышқа дейінгі әр түрлі эмоцияларды сипаттаған актерлердің бейнелері көрсетілді. Көру кезінде балалардың ми белсенділігі МРТ көмегімен жазылды.



Белгілі болғандай, актерлердің бетіндегі қорқыныш, мидың көптеген бөліктерінде бейтарап көрініспен салыстырғанда көбірек белсенділік тудырған. Әсіресе жеңіл зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларда. Отбасыларында физикалық жаза қолданылмайтын құрдастарында реакция әлсіз болды.

"Біз отбасылары дене жазасын қолданатын балаларда мазасыздық, депрессия, мінез-құлық проблемалары және басқа да психикалық проблемалар туындауы мүмкін екенін білеміз, бірақ ата-аналардың көпшілігі мұны түсінбейді", - деп түсіндірді зерттеудің аға ғылыми қызметкері, профессор Кэти А.МакЛафлин .

Зерттеушілердің пайымдауынша, дене жазасы - бұл балалардың дамуындағы проблемаларды арттыратын қауіп.

"Дене жазасының балалардың жағдайына зиян тигізетіні және олардың ересек өміріне әсер ететіні туралы нақты дәлелдер бар. Біз ата-аналарды балаларына жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйрету үшін балама әдістерді қолдануға шақырамыз", - деп қорытындылады зерттеушілер.

Талқылау