Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Болашақ” жетекшісі стипендианттарға мүшеқап алып жүруге кеңес берді

Кешеден бері “Болашақ” бағдарламасының жетекшісі Жанболат Мелдешовтың әрекеті мен сөзі туралы талқы қызып тұр. Шетел асып оқып жатқан студенттерді қойға теңеп тастаған басшыны қызметкерлер жұмыстан кетсін деп талап етіп жатыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

5253a79ceca8c7a0ce80c532cb7f18e2

Интернет желісінде жарияланған бейнежазбада Мелдешовтың стипендианттарды қойға теңеп балағаттаған сөзі айқын естіледі. Ол сірә, шетелдік оқу орындарында сабаққа үлгере алмай шығып қалғандар туралы сөз қозғаса керек.

“Жиналыс кезінде қызметкерлер неше түрлі балағат сөздерді естиді. Ол сапар алдында өткізген брифинг кезінде сол жақта жүріп балалы болып қалмас үшін мүшеқап алып кетіңдер деп айтты” делінген арызда.

Президенттік стипендияны қадағалап жүрген мемлекеттік маманның студенттерді неліктен қойға теңегеніне қатысты ешкім түсініктеме бермеді. Тіпті, Мелдешовтың өзі де. “Қазір мен бір кісімен сөйлесіп жатырмын” деп жауап беруден қашқақтады. Осылайша ол кабинетінен шықпай қойды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Жанболат Мелдешов қазір қызметінен уақытша шеттетілген. Тексеру аяқталғанша оның міндетін вице-президент Мейіржан Алпысбай атқаратын болады. Ал кешке жақын Мелдешовтың “Болашақ” стипендианттары мен қызметкерлерден кешірім сұрағаны анықталды. Ол жағдайға жалпылама баға бергенін, нақты бір нәрсені көздемегенін айтыпты.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда қалыңдық көйлегін киген 37 ару шеруге шықты

Қызылорда тұрғыны өзін “Қайсар” футбол клубының капитаны соққыға жықты деп жәбірленді

Қазақстандық жезөкшелер ЭКСПО кезінде қызмет көрсетіп ақша таппақ

Астанада 2500 адам тіркелген пәтер табылды

Талқылау