Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері ауысты

Қазақстан бокс федерация маңызды жарыс қарсаңында бокстан әйелдер құрамасының бас бапкерін ауыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері болып Елдос Сайдалин тағайындалды. Ол 2021 жылдан бері құраманы жаттықтырған Шәміл Сафиуллинді алмастырды. Лицензиялық турнирлерде сәтсіз өнер көрсеткен қыздар құрамасын соңғы жолдаманы сарапқа салатын сынға Елдос Сайдалин бастап барады. 

Елдос 2020 жылдан бері Қазақстан жасөспірім қыздар және жастар құрамасын жаттықтырып келді. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатында 2 күміс, 3 қола жеңіп алды. Сондай-ақ 2022 жылғы әлем чемпионатында да 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған еді. 


Ұлттық құрамадан жанжалмен кеткен Ангелина Лукас олимпиадаға лицензия беретін іріктеу турниріне қатысуға мүмкіндік алды


Айта кетейік, әйелдер командасының еншісінде олимпиаданың жалғыз жолдамасы бар. 57 келідегі Карина Ибрагимова Азия ойындарында күміс медальмен қатар, Париж лицензиясын иеленген еді. 

Талқылау