Бокстан әлем чемпионы: Сәкен Бибосынов алтыннан алқа тақты
Қазақстандық Сәкен Бибосынов Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сәкен финалдық кездесуде америкалық боксшы Роско Хиллмен күш сынасқан болатын.
Алғашқы раундтан бастап-ақ Сәкен өзінің оңай шағылмайтын жаңғақ екенін дәлелдеп, өз басымдығын көрсетті. Бірінші кезеңнің кездесуінен соң төрешілердің барлығы өз дауыстарын қазақстандық спортшыға беріп, 5:0 есебі тіркелді.
Рингте Бибосынов өзінің мықтылығы мен тәжірибесін дәлелдеді. Осылайша екінші раундтың өзінде-ақ Сәкен алтынға бір табан жақындады. Жалпы есеп қорытындысы 5:0 болып Сәкен Бибосыновтың пайдасына шешілді .
- 13 жасында Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген: Токио Олимпиадасында жүлдеге үмітті Сәкен Бибосынов туралы не білеміз
- Сәкен Бибосынов: Олимпиада сыйақысына екі ағама үй алып беремін деп уәде бердім
Айта кетейік, дәл осы кездесуде 57 келіге дейінгі салмақта Сәкен Теміржанов АҚШ-тан келген спортшы Джамал Харвимен алтын үшін таласатын болады.
Естеріңізге салайық, 5 қараша күні болған финалдық ойындарда 48 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов тайландтық 27 жастағы Вуттичай Юрачайды 5:0 есебімен ұтып алтын алса, 54 келі дәрежеге дейінгі салмақта өнер көрсететін Махмұт Сабырхан жапониялық Томою Цубойға есе жіберіп, күміс медаль иеленген.