Алғашқы алтын: Теміртас Жүсіпов бокстан әлем чемпионы атанды
Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында Теміртас Жүсіпов жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Темірхан Жүсіпов финалда тайландтық 27 жасар Вуттичай Юрачаймен кездесті.
3 раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Төрешілер өз дауыстарын бірінші және екінші раундта да Теміртасқа берді. Осылайша екі раундтың нәтижесімен өзінің финалдағы орнын айқындап алған Теміртас Жүсіпов мұнымен тоқталмай, үшінші раундта тайландтық Вуттичай Юрачайды нокдаунға жіберді. Жалпы жекпе-жектің есебі қазақ боксшысының пайдасына 5:0.
Айта кетейік, осы кештің кездесуінде тағы бір қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан өнер көрсетеді. 54 дәрежеге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Махмұт жапониялық Томою Цубоймен күш сынасатын болады.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге