Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан әнұраны 4 рет соңына дейін қосылмай қалған
Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың марапаттау кезінде келеңсіз жағдай орын алды. Мұнда спортшыларға жүлдені табыстаған соң Қазақстан әнұраны соңына дейін қосылмай қалған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнұранға байланысты келеңсіз жағдай 19 жастағы Санжар Тәшкенбайды марапаттау кезінде байқалған. Отандасымыздың құрметіне қосылған ел әнұраны кенеттен үзіліп, соңына дейін шырқалмай қалған. Алайда "Хумо" аренасында болған жанкүйерлер әнұранды өздері айтып шықты.
Алтын медаль жеңген өзге үш боксшыны марапаттау кезінде де қазақстандық жанкүйерлер әнұранның тоқтап қалғанына қарамастан, соңына дейін шырқады.
Еске салайық, бокстан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов (67 келі) екінші орын алды.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

