Бокстан әлем чемпионаты: Боксшыларымыз алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізді
Черногорияның Будвада қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталып, спортшыларымыз алғашқы жекпе-жектерін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚБФ
Әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде шаршы алаңға 4 боксшымыз шығып, соның үшеуі жеңіске жетті. 63 келіге дейінгі салмақта Аружан Жанғабаева алғашқы жекпе-жекте ресейлік Милана Дзугаеваны жеңсе, Толғанай Қасымхан (60кг ) венесуэлалық Мена Юлиден басым түсті. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Алексей Хаванцев қырғызстандық қарсыласы Алихан Майранбековты жеңді.
Өкінішке қарай, әлем чемпионатын Андрей Румянцевтен жеңілген Бақытжан Айтмұханов (86 келіге дейінгі салмақта) аяқтады.
Талқылау

Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін басқа мектептерге беру үшін 22 млрд теңге бөлінген: НЗМ қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы айтудан бас тартты
Оқу орны 1-6 сынып оқушыларына грант тағайындау тәртібін де бекітпеген

"Сәлем" сөзі араб тілінен енген, қазақтікі "армысыз": BI Group компаниясының амандасуға қатысты ұсынысы қоғамда сынға ұшырады
Жігіттің пікірінше, мұндай тұжырымның өзі қате