Боксшы Дариға Шәкімова жартылай финалға өтті
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан қыздар арасында 75 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Дариға Шәкімова ширек финалда мароккалық Хадиджа Мардиді ұтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қос қарсылас арасындағы жекпе-жек өте тартысты өтті. Алайда Дариға барлық раунд бойы қарсыласынан басым түсіп, жеңіске қол жеткізді. Қорытынды есеп 3:0.
Жартылай финалда екі дүркін Азия чемпионы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, АҚШ боксшысы Кларесса Шилдспен кездеді.
Талқылау