Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боксшы Данияр Елеусіновтің әкесі ұлының рингке оралатынын айтты

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әкесі Марат Елеусінов Meta-ratings.kz берген сұхбатында ұлының бокстан Қазақстан құрамасына оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sports.kz

"Данияр ұлттық құрамаға оралу туралы шешімді өзі қабылдайды. Ол әлі ешқандай келісім берген жоқ. Кім лицензия алса, сол Олимпиадаға барады. Қазір бұл мәселе журналистер арасында қызу талқыланып жатыр", – деді боксшының әкесі.



Еске сала кетейік, жақында бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусіновтың ұлттық құрамаға оралуына қарсы емес екенін айтқан еді.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 30 Қаңтар, 2024 15:04
Талқылау