AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bloomberg агенттігі Ресейде дефолт жариялады

Халықаралық Bloomberg агенттігі телеарнасының хабарлауынша, Ресейде 1918 жылдан бері алғаш рет дефолт басталды. Басылымның хабарлауынша, 27 маусымға қараған түні Ресейде мемлекеттік облигациялар бойынша 100 миллион доллар көлеміндегі мерзімі өткен төлемдерді өтеудің жеңілдікті кезеңі өтті. Бұл төлемді өткізіп алған жағдайда дефолт деп саналады.

Bloomberg мәліметінше, дефолт туралы ресми мәлімдеме жасалмайды. Өйткені әдетте оны халықаралық рейтинг агенттіктері жасайды, ал қазіргі уақытта олардың барлығы Ресейде қызметтерін тоқтатқан. Алайда мұндай мәлімдемені бонд ұстаушылары да жасай алар еді. 

Бірақ олар әзірге ақшаны толықтай немесе жартылай қайтарып алу мүмкіндігі бар ма, жоқ па, соны қарастыруда. Кредитшілер дефолт жариялауы үшін облигация ұстаушыларының төрттен бірі сонымен келісуі керек, деп атап өтті агенттік. Ал Кремль дефолтты мойындаудан бас тартып, Ресейдің шоттарды жабатындай қаржысы бар, алайда төлем жүргізетін мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді. 



Өткен аптада Ресей 40 млрд доллар көлеміндегі өтелмеген қарызын рубльмен өтейтінін хабарлады. Ресей Батысты елімізді жасанды дефолтқа итермелеуге тырысты деп айыптады. 

Айта кетейік, мамыр айының соңында АҚШ қаржы министрлігі Мәскеуге сыртқы қарызды өтеуге мүмкіндік беретін лицензияның күшін жойды. 
Бұл құжат батыс инвесторларына қарыз төлемдерін Ресей облигациялары арқылы алуға мүмкіндік беретін. Ағымдағы лицензияның мерзімі наурызда басталып, 25 мамырда аяқталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр