Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рубль бағамы 9 теңге: Қазақстанға пайдасы мен зияны қандай

Қазақстанда рубль тағы да рекорд жаңартты. Қор нарығында рубль бағамы 9 теңгеге жақындаған. Мұның Қазақстан үшін пайдасы мен зияны да бар. Мәселен, рубль қымбаттауы салдарынан инфляция деңгейі өсуі мүмкін. Себебі Ресейден келетін тауар импорты үнемі жоғары деңгейде болған. Алдағы уақытта ресейлік тауарлардың бағасы одан әрі шарықтауы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

рубль

Экономистер рубль бағамына қатысты бірнеше нұсқаны дайындауда. Сөздерінше, дүкен сөрелеріндегі ресейлік тауарлар қымбаттайды. Дегенмен теңгенің құлдырауы отандық өндірушілер үшін тиімді болуы мүмкін. Себебі рубльге шаққанда Қазақстанда өндірілетін тауарлар арзандай түскен, сәйкесінше экспорт көлемі артады. Сарапшылардың сөзінше, мұның барлығы санкцияға байланысты. 

"Ресейде өз энергия қорын қымбатқа сатқандықтан, валюталар көбейген. Қазір валютаны қайда жіберерін білмейді. Нарықта бар және көп. Ешкім сатып алмайды. Салдарынан рубль нығайды. Қазір рубльдің нығаюы бағаға әсер етпейді, себебі импорт жоқ. Бүған қарамастан олар көп қаржыны бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін жұмсап жатыр", – деді тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрек Чеботарев. 

Рубльдің нығаюы Қазақстандағы инфляцияға да әсер етуі мүмкін. Сарапшылар инфляция 11 пайызға дейін өсуі ықтимал деп болжады. 

"Инфляция деңгейінің шегі наурызда болды. Содан бері төмен қарқынмен келе жатырмыз. Дегенмен инфляция өткен жылдан бастап жылдам өсе бастағандықтан, жылдық деңгейі 10-11% болады деп болжаймыз. Бұл ресейлік экспорттан арылуға жігерлендіреді. Біз өзіміз басқа заттарды өндіре бастаймыз. Кей заттарды басқа елден сатып аламыз", – деп мәлімдеді Алексей Чеботарев. 

Ресейде доллар бағамы 53 рубльге дейін төмендеген. Бұл соңғы 8 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш. Әзірге рубльдің қашан әлсірейтіні белгісіз. Себебі экспортшылар салық төлемдерін төлеу керек, бұл үшін қаржыларын рубльге ауыстырады. 

"Рубльдің мақсатты бағамы 1 доллар үшін 70 рубль. Бұл қазіргі бағамның мемлекет үшін тиімсіз екенін білдіреді. Себебі біз өз тауарымыздың бір бөлігін экспорттаймыз. Оның қатарында мұнай мен түрлі шикізаттар бар, осылайша валютаны аламыз. Оны бюджетті тотыру үшін рубльге сатып жатырмыз. Сәйкесінше бізде рубль азаяды. Демек рубльдің әлсіреуі бюджет үшін тиімді", – деді экономист Александр Быстров. 

Егер Ресейде доллар бағамы 70 рубль болса, бұл, сөзсіз, теңгеге әсер етеді. Бұл жағдайда теңгенің рубльге шаққандағы бағамы нығаяды. Шамамен 5,5 теңгеге дейін. Әрі қарай тек геосаяси жағдайға байланысты. 

Талқылау