Блогерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның ұлдары көлік жүргізіп, жол апатына түсе жаздады (видео)
Видеодан скрин
Блогер Карина Оксукпаева ұлдарының өз үйінің алдында жол апатына түсе жаздағанын айтып, видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан блогердің екі ұлының аулаға шығып, көлікке отырғанын көруге болады. Үлкен ұлы рөлге отырады, содан соң көлік қозғалып, үйдің бұрышына және қоршауға соғылып тоқтайды. Содан кейін балалар көліктен шығып, қашып кетеді.
Танымал блогер Карина Оксукпаева 90 мың теңге жалақы ұсынғаны үшін көптің сынына қалды
Блогердің айтуынша, ол сол сәтте кіші баласына қарап жатқандықтан, үлкен ұлының көлік кілтімен үйден шыққанын байқамапты.
“Мен шыққанда көлік қозғалып келе жатты. Елестетіп көрініңізші, бала көлік жүргізіп келе жатыр. Мен көлікке мініп, тоқтатып үлгердім. Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?”, – дейді блогер.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада 7 жасар бала көлік жүргізіп, жол апатына түскені туралы жазған едік.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"