Блогер Жанәбілевтердің соты ашық өтеді: Алайда өздерін түсіруге тыйым салды

Алдын ала тыңдалымда айыпталушылардың адвокаты соттың жабық өтуін сұрады. Алайда судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айыпталушы тараптың адвокаты іс материалдарында коммерциялық құпия болып саналатын мәліметтер бар екенін алға тартып, соттың жабық түрде өтуін сұрады. Бірақ судья оның бұл өтінішін қанағаттандырмады.
Сондай-ақ Жанәбіловтер сот барысында өзін түсіруге тыйым салды. Сондай-ақ бұл шешіміне түсініктеме берді.
“Менің үлкен балам мектепке барады. Оған біздің жеке өмірімізге қатысты орынсыз сұрақтар қойылады”, – деді Төлегенова сот отырысында.
Бүгінгі отырыс Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында өтіп жатыр. Белгілі блогерлерге Қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-бөлімі, 2-тармағы — "Заңсыз кәсіпкерлік" және 218-бабының 2-бөлімі, 1-тармағы — "Қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру (қаржыны жылыстату)" бойынша айып тағылды.
Блогерлерге қарсы қылмыстық іс ақпан айының басында сотқа жолданды. Ерболат Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенова қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-бөлімі, 2-тармағы “Заңсыз кәсіпкерлік” және 218-бабының 2-бөлімі, 1-тармағы (Қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру (қаржыны жылыстату) баптары бойынша айыпталып отыр.
- Блогер Жанәбіловтер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін – адвокат
- Lamborghini мен жүздеген миллион теңге: Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен жұбайы үйқамаққа қамалды
“Instagram-да миллиондаған оқырманы бар блогерлер өз жазылушыларының сенімін пайдаланып табыс тапқан”, – делінегн тергеу нұсқасында.
Олар онлайн-курс сатамыз деп заңсыз схема құрды. Шындығында адамдар “курстарды” қымбат сыйлықтардың ұтысына қатысу үшін сатып алған. Бейнежазбалар білім беретін сипатта болмаған, ашық көздерден алынған және тек заңсыз лотереяны жасыру үшін пайдаланылған.
“Сыйлық қоры қатысушылардың ақшасынан құралған. Сондай-ақ электронды “сәтті барабан” ойынынан да манипуляциялар анықталған. Яғни, 5000 теңге ұту мүмкіндігі жасанды түрде көбейтіліп, бағалы сыйлық алу ықтималдығы төмендетілген”, – деп мәлімдеді Қаржы мониторинг агенттігі.
Сондай-ақ “Zhana Business” ЖШС шоттарына 247,5 миллион теңге аударылған, оның 60 миллион теңгесі депозитке салынған. Сот блогерлерден 10 көлік, соның ішінде “Lamborghini Urus” пен “Lexus LX 600”, сондай-ақ iPhone 17 тәркіледі. Айыпталушылар үй қамағына алынды.
Айта кетейік, былтыр 18-21 тамыз аралығында Жанәбіловтер автокөлік ұтыс ойынын жариялағанын жазған едік. Жазылушылар тікелей эфирді күтті, алайда оның орнына 30 мың теңгелік ақылы оқу курсының сілтемесін алған. Ұтысқа қатысу үшін курсты сатып алу міндеттелген. Бұл әрекеттер әлеуметтік желі қолданушыларының жаппай наразылығын тудырып, мемлекеттік органдарға шағымдануына себеп болды. Туризм және спорт министрлігі лотерея өткізу мен билет таратуға тек ресми ұйымдастырушылардың ғана құқығы бар екенін еске салды. Осыдан кейін блогерлерге қатысты заңнаманы бұзу деректері бойынша істер қозғалған еді.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды