Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Мерей Абилова екінші сәбиін күтіп жүр

Мерей Абилова жүктіФото: instagram.com/abilovva_m

Танымал блогер Мерей Абилова мен футболшы Димаш Қашкен екінші рет ата-ана болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сүйінші жаңалықты желі жұлдызы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Махаббатымызға тағы бір қуаныш”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогерді құттықтап, отбасына амандық пен бақыт тілеп жатыр.

Айта кетейік, блогердің бір қызы бар.

Еске салайық, 8 наурызда Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы ойындарының бірінде “Астана” өз алаңында “Жетісу” командасын қабылдаған еді. Матч барысында “Жетісу” командасының қорғаушысы Дінмұхамед Қашкен дөрекі ойынымен көзге түсті. Осыдан кейін футболшы жанкүйерлер тарыпынан сынға ұшырады.  

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 09:52