Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Ырысбала Икрамбай бесінші сәбиін дүниеге әкелді

Ырысбала Икрамбай бесінші рет ана болдыФото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official

Танымал қазақстандық блогер Ырысбала Икрамбай бесінші сәбиін бауырына басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сүйінші жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол босану процесі қалай өткенін айтып берді.

“Түнгі сағат 2-де ішім ауырып тұрдым. Тойып тамақ жеп алдым. Толғақ арасын санасам 10 минут, басылып қалатын шығар деп күтсем, күшейіп жатыр. Жуынып алдым, заттарымды дайындап уақытқа қарасам төрт болып жатыр”, – деп жазды блогер.

Ырысбала Икрамбай перзентханаға жалғыз өзі барған.

“Содан үйдегі көлігі барларды оятсам ешкім тұрмады, кетсінші деп такси шақырып перзентханаға келдім. Клиникаға келе жатырмын деп хабарластым, күзетші көкем жолдан күтіп алып, палатаға алып барды. Дәрігер қарап түске дейін сәбиіңізді өмірге әкеліп қаласыз дейді, мен бесінші балам, былтыр ғана туғанмын, тез босанамын, келісілген дәрігерімді шақырыңыздар” қоймадым”, – деді ол. 

Сондай-ақ блогер сәбиінің есімін де айтты.

“Үйімдегілер мені таңертең ұйқыларынан оянғанда іздеген. Менде телефон палатада қалған, клиникаға қоңырау шалып, артымнан келген. Есімін әкесі Романқызы Карина деп қойды, бірақ түрі Ырысбала деген атқа әбден жарасып тұр”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ырысбала Икрамбай қайырымдылыққа ақша жинап жүріп, өзінің жағдайын жасап алды дегендерге үндеу жасағаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 14:56
^ array:1 [
  0 => "https://stan.kz/download/uploads/2025/12/full_176613765804463a318fc196db7db230602fa2a2d3_webp.webp"
]