Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Әсем Нұрсейітова пластикалық ота жайлы айтты

Алматыда липосакциядан кейін көз жұмған украиналық Дана Агамурадованың өліміне қатысты сот талқылауы әлі жалғасуда. Ал хирургтың қорғаушысы шектеулердің аяқталуына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды талап етеді. Науқас 2016 жылдың қаңтарында қайтыс болды. Бұл оқиға Жанна Хабдулхабарға өзінің жеке тергеуін жүргізуге және өмірді сақтауға кімнің жауапты екенін, сондай-ақ қазақстандықтар арасында қазіргі уақытта қандай оталар танымал екенін анықтап, зерттеу жүргізуіне түрткі болды.

Блогер Әсем Нұрсейітова пластикалық ота жайлы айтты

Бұл туралы “Алматы арнасына” сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Танымал блогер және зергерлік бұйымдардың дизайнері Әсем Нұрсейітова әлеуметтік желінің кем дегенде 350 мың пайдаланушысына үлгі болған ару. Жас, әрі сұлу әйел, табысты бизнес-леди және үш баланың анасы Әсем сұлулық үшін пластикалық отаға да жүгінгенін мойындады.

«Мен жыл бойы осыған өзімді, күйеуімді дайындадым. Мен үшін бұл қажет деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей, бала емізгеннен кейін төстің пішіні өзгереді, сондықтан оның бұрынғы формасына оралғанын қалайсың. Сонымен бірге менің үш балам бар. Үш балам болса да, жақсы көрінгім келеді. Әрине, бұл өзіңді бағалауға әсер етеді », – деді блогер, зергерлік бұйымдардың дизайнері Әсем Нұрсейітова.

Танымал аруымыз отаның нәтижесіне көңілі толып отыр, егер қажет болса тағы да мамандардың көмегіне жүгінуге дайын екенін айтты. Асемнің бұл шешімі өз келбетін өзгерту туралы ойлайтын әрбір әйелдің арманы. Бірақ сарапшылар, клиент отаның қалай өтетінін болжай алмайды деп санайды. Яғни, клиниканың жабдықтарын және дәрігердің біліктілігін бағалай алмайды. Бұл екі фактор ең маңызды нәрсе  болып табылады. Әдетте, әйелдер көпшіліктің пікіріне сүйенеді. Дәрігерлердің өздері мұндай жағдайда сенімді дереккөздерге жүгіну керектігін айтады.

«Қазақстандағы өздерін құрметтейтін пластикалық хирургтардың көпшілігі Ресейдің реконструктивті пластикалық хирургтер қоғамының құрамында. Онда сіз Қазақстандағы барлық хирургтардың тізімін таба аласыз. Ресейдің spras.ru сайты туралы айтатын болсақ, онда тәжірибенің қалай өткені, барлық жұмыс нәтижесі бар», – деді пластикалық хирургия және косметология клиникасының бас дәрігері Данияр Ұрмұрзин.

Бұл сайттың қазақстандық аналогы әлі де дамуда. Осындай қоғам елде 2013 жылы құрылды. Оның құрамына 80 сұлулық дәрігері кіреді. Дегенмен, клиниканың саны өте көп. Ал жоғары сұранысқа және қызметтердің қымбаттылығына байланысты көбі осы салада жұмыс істегісі келеді. Сарапшылардың пікірінше, маман клиникалық тәжірибеден өтуі керек және дәрігердің кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Алайда, қазақстандық тәжірибе клиенттердің өлім-жітіміне әкеп соққан жағдайлармен аты шығып жатыр.

Дегенмен, қайғылы жағдайлармен қатар, көптеген оң көрсеткіштер де бар, дейді Ирина Волкова. Мысалы, мұрнының пішінін өзгерткен әйел күйеуге сәтті шығып, екі баланы дүниеге әкеліп, қазір бақытты өмір сүруде. Статистика бойынша, пластикалық отаға жүгінетіндердің 85%-ы әйелдер, ал қалған 15-і ер адамдар.

Қазақстандағы ең танымал ота түрі, жоғарғы блеаропластика, яғни қабақтың пішінін өзгерту. Оның құны 150 мың теңгеге жуықтайды. Одан кейін мамопластика. Кеудені көтеру құны 600 мың теңгені құрайды, ал оның көлемін ұлғайту орташа есеппен алғанда миллионға жетеді. Ал ер адамдар бірінші кезекте – блифаропластика жасауға әуес, екіншісінде – отопластика, яғни салпаңқұлақты жою. Бұл қызмет 150 мың тұрады, сосын ер адамдар интимді хирургияға жүгінеді екен. Бірақ, пластикалық дәрігерлердің өздері бірінші кезекте психологтармен кеңесуге кеңес береді. Себебі, сырт келбетін өзгертуге деген ұмтылыс психикалық мәселелерге байланысты болуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Жексенбі, 28 Қазан, 2018 13:55
Талқылау