БҚО тұрғыны "Ресей азаматтығын" 2,5 млн теңгеге сатқан
БҚО-да алаяқ егде жастағы танысына Ресей азаматтығын алып беруге уәде берген. Ақысына 2,5 млн теңге сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Алаяқ бұл іске өткен жылдың наурыз айында барған. Ол егде жастағы танысына РФ азаматтығын алуды ұсынған. Зардап шегуші алаяқ сұраған сомманы тауып берген. Алайда сол күйі "азаматтығын" ала алмаған.
"Ақырында полицияға жүгінуге мәжбүр болды. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша тергеу жүруде", - деп хабарланды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полицейлер халықты құжат рәсімдеуде күмәнді келісім-шарттардан аулақ болуға шақырды.
Петропавлда ұлт араздығын қоздырған азамат 7 жылға сотталды
Талқылау