БҚО тұрғыны облыс әкіміне Қазақстан президенті болыңыз деп ұсыныс жасады
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновке Қазақстан Республикасының президенті болу ұсынылды.
Бұл туралы “Уральская неделя” хабарлайды.
Облыс әкімінің халық алдында кезекті есеп беру жиынында Бөкей ордасы ауданының Мұсағали есімді тұрғыны, әкімге ерекше ұсыныс жасады. Ол облыс басшысының ауыл шаруашылығы саласында атқарып жатқан ерен еңбегін мақтады.
“Алтай Сейдірұлы, сіз секілді нағыз өз ісінің маманына айналған азамат Қазақстан президенті болу керек. Ол кезде бізде бәрі керемет болады”, – дейді тұрғын. Әкім жауап беру кезінде қазақтың мәтелін де сөзге араластырды.
“Қазақтарда айтады: “Құртайын десең мақта” деп. Менің облыс әкімі болғаныма әлі бір жыл да толған жоқ, әзірге осы қызметте істеуге мүмкіндік беріңіздер”, – деді Көлгінов.
Оқи отырыңыз:
Тасмағамбетов Ресейге жұмыс істеуге жіберілді
Қызылорда қаласының әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынды ұрсып тастады