Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тасмағамбетов Ресейге жұмыс істеуге жіберілді

Мемлекет басшысының жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Иманғали Тасмағамбетов

Фото: astana.gov.kz

Ол Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Stan.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша мәлімдемесінде И.Тасмағамбетовты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындау туралы шешімін жариялады.

Талқылау