БҚО-да "Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасы аясында 27 мектеп салынады
Батыс Қазақстан облысында жылдар бойы қордаланған мәселені шешу мақсатында 2023 жылы 27 мектептің құрылысы басталады, оның ішінде 9 мектеп "Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасы аясында салынатын болады. Жыл соңына дейін 18 мектепті пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, қазіргі таңда облыста 12 апатты, 9 үш ауысымды мектеп бар.
“Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен оқушыларды тасымалдау үшін 54 автобус сатып алынды. Өңірімізде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларымызды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету 100%-ті қамтиды. Бүгінде 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту 84,3%-ке жетіп отыр. Осы көрсеткішті 2025 жылға дейін 100%-ға жеткізуді көздеп отырмыз.
Оқушылардың жетістіктеріне тоқталар болсақ, 25 оқушы республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алса, 9 мектебіміз еліміздің "100 үздік мектептері" қатарына енді”, – дейді әкімдіктен.
Сондай-ақ, әлемнің 57 мемлекеті қатысқан зерттеу нәтижелері бойынша облыстағы бастауыш сынып оқушылары PIRLS-2021 халықаралық рейтингісінде республика көлемінде бірінші орынға ие болды.
“Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс аумағында 9 спорт кешендері пайдалануға беріліп, 4 кешеннің құрылысы салынуда. Сондай-ақ, 1 кешеннің құрылысын 2024 жылы бастау жоспарлануда. Ағымдағы жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттеріне арналған 500 орындық жатақхана құрылысы аяқталады”, – делінген мәліметте.
Сонымен қатар өңірде әртүрлі саладағы маман тапшылығын шешу мақсатында өткен жылы облыс бюджет есебінен 113 грант бөлініп, түлектердің жоғары білім алуына сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар "Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау" пилоттық ұлттық жобасы аясында облыста 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу жоспары бар.
Биыл жоспарланған 24 медициналық нысанның 12-не құрылыс-монтаждау жұмыстары мен материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық бюджеттен 8,4 млрд. теңге қаражат бөлінді.
Одан бөлек КПО б.в. компаниясының әлеуметтік міндеттемелер шеңберінде 25 млрд. теңгеге 1000-нан астам қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынатын болады.
Облыс бойынша 247 дәрігер тапшылығының мәселесін шешу үшін өткен жылы жергілікті бюджеттен 55 грант (талапкерлерге), республикалық бюджет арқылы - 88 грант (резидентураға) бөлінді.
Жалпы кадр мәселесін шешу бағытында жұмыстанып, шақырту нәтижесінде өңірімізге 13 дәрігер маман кадр келді.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
