Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да cу тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті жедел штабының мәліметінше, сағат 12:00-де Деркүл және Чижа-2 өзендерінде су деңгейі қауіпті белгіден сәл төменге жеткен. Сол себептен өзендердің қауіпті учаскелерінде кезекшілік ұйымдастырылған.

“Су қоймаларына мониторинг жүргізілуде. 11 наурызда аумақтың үстінен ұшақпен тексеру жүргізілді. Орал қаласы, Тасқала және Бәйтерек ауданында өзен арнасы мен Деркөл бассейнінің, Шаған және Чижа-2 өзендерінің жағдайы зерттелді", – деді ведомство.

Бөрлі ауданының әкімі елді мекенді су басу қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялағаны хабарланды.

Сонымен қатар еріген су Оралда да сегіз тұрғын үйді басқаны анықталды. Қазір бұл үйлердің суы сорылып біткен.

Күрделі жағдай Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Сырым аудандары мен Бәйтерек өңірінде де байқалады. Асан ауылының тұрғындары көшелер мен аулаларды су басқаннан үйлерінен шыға алмай қалғаны туралы ақпарат бар. Ал сусорғыштар судың көлеміне төтеп бере алмай жатыр екен.

Талқылау