Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да өзгенің үйінің бұрышына дәрет сындырған прокурорлардың ісі тексеріліп жатыр

БҚО-да прокурорлардың ісі тексеру үстінде. Куәгер желіге тараған видеода дәрет сындырып тұрған прокурорлар екенін айтады. 

БҚО-да өзгенің үйінің бұрышына дәрет сындырған прокурорлардың ісі тексеріліп жатыр

Видеоны куәгердің бірі түсіріп алған. Айтуынша, Ақсай қалалық прокурорлар өзгенің үйінің бұрышына дәрет сындырып тұр. Оның телефон камерасына түсіргенін көріп, екі жігіт іш-қырын кие бастайды. Жігіттің телефонын да тартып алмақ болған көрінеді.  

Соңынан қуып, балағат сөз айтқан.  Енді істі облысты прокуратура тексере бастады. 

"Бердіғалиев Ерлан қоғамдық орында дәрет сындырып тұр. Маңында балабақша мен мектеп бар. Балалар жүретін жер", - дейді видеода.  
 

Талқылау