БҚО-да көлік жыраға түсіп, жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты орын алады. Toyota Hilux көлігі жыраға түсіп, өртеніп кетті. Жүргізуші тірідей жанып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
6 қыркүйек күні сағат 18:00-де облыстық маңызы бар "Чапаево-Жанғала-Сайхын" автожолының 55-ші шақырымында 49 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, жыраға түсіп кетті. Бұдан кейін көлік өртенді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”