Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да 19 жастағы қыз сәби босанып, дәретханаға лақтырып кеткен

Батыс Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғыны бала босанған соң, оны дәретханаға лақтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Қатты жылағандықтан: Әкесі бір айлық қызын перзентханаға қайтарып берген

Қайғылы жағдай 23 қарашада Казталов ауданы Жаңажол ауылында болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйел бала туып, оны пакетке орап, дәретханаға тастаған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әйелдің үйде тірі бала туғанын хабарлады. "Медициналық сарапшылардың қорытындысы бойынша, жаңа туған нәресте гипотермиядан қайтыс болды. Қыздың өзі қазір ауруханада жатыр, онымен психологтар жұмыс істейді", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасынан.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қыз колледж студенті. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады және іс бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың тамыз айында Қостанай облысының тұрғыны Затобол ауруханасының дәретханасында босанды және сәбиді шелекке лақтырған. Дәрігерлердің көмегінің арқасында сәбидің өмірін сақтап қалды.

Талқылау