БҚО-да 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деп айыпталды
БҚО-да 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 18 қазанда болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қайтыс болғанын, дәрігерлер тек оның өлімін тіркегенін жеткізді.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесі үшін полиция басқа ақпаратты жариялай алмайтыны айтылған.
Ауыл әкімдігі бұл отбасының тыныш болғанын, ешқандай есепте тұрмағанын мәлімдеді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"