Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да 10-сынып оқушысы қар күреп жүріп асылып қалған

Оқиға екінші қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылында болды, деп жазады “Мой город” порталы.

8774738

Ер баланың өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны әлі анықталған жоқ.

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тілек Ғабудшевтің айтуынша, сол күні оқушы аулада қар күреп жүреді, кейіннен әпкесі оны асылып қалған күйінде тауып алған.

“Ата-анасы үйде болмапты. Қонаққа кеткен екен. Бала үйде үлкен әпкесімен бірге қалады. Қар күреу үшін аулаға шығыпты,  кешке қарай әпкесі терезеден қараса, бауыры асылып қалған екен. Ол бірден ата-анасына хабарласады, содан кейін бөлімше инспекторына хабар береді”, — деп түсіндірді әкімнің орынбасары Тілек Ғабдушев.

Оның сөзіне сүйенсек, бала ауқатты отбасынан шыққан. Әкесі полицияда істейді. Ер бала сабақты жақсы оқиды, екінші қаңтарда Мәдениет үйінде дайындықта болған. Өз-өзіне қол жұмсаған оныншы сынып оқушысы ешкіммен ренжіспеген көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік қыз виртуалды порнобизнеспен қалай айналысатынын айтып берді

Қарағанды облысында 10 сағат бойы үйінділер астында жатқан ер адам құтқарылды

Маңғыстау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Ғалым: Мәскеу қазақ жігітінің есімінің құрметіне қойылған

Талқылау