Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жол апаты Opel жеңіл автокөлігі мен “КамАЗ” көлігінің соқтығысуы салдарынан болды.

981301

Фото: © Анатолий Устиненко

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Жол апаты үшінші қаңтар күні Шетпеден 25 шақырымдай жерде болды. Opel жеңіл автокөлігі мен “КамАЗ” көлігінің соқтығысуы нәтижесінде үш адам оқиға орнында қаза тапты, бір әйел Маңғыстау аудандық ауруханасына жатқызылды

Маңғыстау облыстық ауруханасының санитарлық авиация фельдшер-диспетчері Айткүл Ұлықпанованың берген мәліметі бойынша, шақыру үшінші қаңтарда түскен. ” 1959 және 1963 жылы туылған екі ер адам және 1959 жылы туылған әйел адам қаза тапты. Оқиға орнына құрамында травматолог, реаниматолог және фельдшер бар санавиация бригадасы аттанды. Зардап шеккен әйел өте ауыр хәлде Маңғыстау аудандық ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр”, — деп мәлімет берді Айткүл Ұлықпанова.

Расталмаған ақпараттарға сүйенсек, “КамАЗ” көлігінің жүргізушісі жол апаты орнынан қашып кеткен.

Жіберіп алмаңыз:

Стамбұлдағы терактіні жасады делінген қырғыз жігіті бұл айыптауды жоққа шығарды (видео)

Шахандағы жарылыстан тірі қалған бала: әпкем оятып еденнің жоқ екенін айтты

АҚШ-та екі жасар бала шкафтың астында қалып кеткен егізін құтқарып қалды (видео)

Талқылау