Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біздің міндетіміз дәстүрді қаралау емес, оның негізгі мәнін ашу": Желі қолданушылары Айя Шалқардың жобасын сынады

Жақында танымал модель, арт-суретші Айя Шалқар өзінің әйелдер құқығын қорғауға бағытталған жобасын таныстырды. Бұған желі қолданушылары арасынан оны дәстүр мен замануи трендтерді ажырата алмай, шатастырып жүр деп сынап, тіпті айыптағандар кездесті. Instagram желісінде unknownkazak парақшасының жүргізушісі Диас К. өз пікірін білдіріп, заманауи белсенділерді халықтың дәстүрін қорламауды, бұрмаламауды сұрады.

Диастың айтуынша, көп адам дәстүрді толық түсінбегендіктен, білмегендіктен оған қарсы шығады және оны қаралайды.

"Қазір дәстүрді сынауға және оны қазіргі заманмен салыстыру трендке айналып кетті. Ал негізгі себеп, дәстүрде  емес, оны дұрыс емес түсінуде.

Біздің дәстүрлерімізден хабары жоқтар онда әйелдерге қысым келтіреді екен деген ойға келуі мүмкін.  Алайда, біздің барлық дәстүріміз - шифрланған өмір сүру коды іспеттес. Соның арқасында біз аман қалдық, жоғалып кеткен жоқпыз. Дәстүріміз бірінші кезекте әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған", - дейді ол.⠀

Ал қазір "дәстүр" деп айтылып жүрген нәрсе, шын мәнінде, біздің халқымызға ешқандай қатысы жоқ, дейді Диас.

"Қыздарды ұрлау - бұл дәстүр емес, келінді қорлау - дәстүр емес, басқа әйелдерге тиісу - бұл да дәстүр емес. Яғни, біздің қасымыз  - дәстүр емес, мәдениеттің төмен деңгейі. Және біздің міндетіміз дәстүрді қаралау емес, оның негізгі мәнін ашу, жеткізу", - деп ашына жазады автор.

Айтуынша, отарлық кезеңнің соңғы 200 жылында біздің дәстүрлеріміздің жартысы жоғалып кетті, ал қалғаны бұрмаланды. Және оларды қайта жаңғырту мен қайта мән бітірудің орнына, біз оларды заманауи трендтерге қарсы қоя бастадық.

Сондай-ақ, Диас өзінің әйел құқықтары жолындағы күресті қолдайтынын, сексизм мен тұрмыстық зорлыққа қарсы екенін айтып өтті. Бар мәселе, дәстүрде емес, ақымақтықпен дәстүрді бұрмалап жүрген қазіргі заманның адамдарында, дейді ол.

Автордың постына пікір жазып, оны қолдағандар қарасы көп. 

"Өте дұрыс, дала заңдарын білмейтіндер, қызды кемсіту деген еш болмаған салтымызда! Жаһандану деп салт-дәстүрді ұмытпау керек, және басқа қоспаларды ажырата білу керекте дұрыс, дала заңдарын білмейтіндер, қызды кемсіту деген еш болмаған салтымызда! Жаһандану деп салт-дәстүрді ұмытпау керек, және басқа қоспаларды ажырата білу керек", деді желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір қолданушы "мәңгүрттердің істеп жүргені бұл, әке-шешесі, ата-әжесі дұрыс тәлім-тәрбие бере алмағанның кесі", деп пікірін жазды.

 

 

Талқылау