"Біздің мұғалімдер – батырлар": Студенттер мен оқушылар эвакуацияның қалай өткенін айтып берді
Алматыда жер сілкінісі кезінде қаладағы мектептердің бірінде мұғалімдердің оқушыларды сыртқа шығару сәті желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан алынған
Кеше, 4 наурызда қалада 5 балдық жер сілкінісі болды. Тұрғындар сыртқа шығып, дүрбелеңнің басылғанын күтті.
Бұл кезде №35 гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздары да қалыс қалмай, оқушыларын сыныптан шығарып, жазық жерде тұруларын қадағалаған.
Видеода терезеден сырт киімін кимей шыққан оқушыларға күртешесі мен сөмкесін лақтырып жатқан мұғалімдерді көруге болады. Зілзала кезінде іште қалған мұғалімдердің бұл әрекеті желі оқырмандарын тәнті етті.
"Біздің мұғалімдер – батырлар", "Иә, ер мұғалімдер сыныпқа кіріп, біздің сырт киімдерімізді алып шықты. Ұстаздарымызға таңданып отырмын", “Мұғалімдер қабырғаға сүйеніп тұрды. Өздері қорқып тұрса да, бірінші оқушыларға көмектесті. Оқушылардың далаға шыққанына көзі жеткен соң барып өздері шықты", "Біздің мұғалімдер мектепке қайта кіріп, етігімізді, күртешемізді және телефонымызды алып шықты", "Ұстаздарға респект. “Кеме капитандары секілді кемені соңғы болып тастап шықты", "35 гимназия – ең күшті", "Өз өміріне қауіп төнсе де, бізді құтқарды" және "Алина Ғалымжанқызы – осы гимназиядағы ең үздік педагог", – деп жазды TikTok қолданушылар.
Алайда кей желі қолданушылары басқа мекемелерде жер сілкінгенде директордың мектептен бірінші шығып кеткенін айтып, наразылын білдірді. Ал тағы бір студент бұдан ешқандай батырлықты көрмегенін айтты.
“Бұдан ешқандай батырлықты көріп тұрған жоқпын. Өзім де алып шыға алатын едім”, “Химия апай бірінші шығып кетті ғой”, “Біздің мектепте біреу осылай жасап құлап қалған”, “Білмеймін. Біздің апай бізден бұрын бірінші болып қашты ғой”, “Сыныптан шыға бергенде “завуч” айғайлап, ішке кіріңдер деп айтты”, “Ал, біздің балалар сыртқа шыға алмады. Барлық есік, терезе жабық болған. Турникеттер тұр. Оқушылар дүрбелеңге салынып, қысылып қалған”, – деп пікір жазды студенттер.
Еске салайық, Алматылық сейсмолог Мұхтар Хайдаров афтершокты зерттеуді ұсынды. Әйтпесе қайғылы жағдай Түркиядағыдан да ауыр болуы мүмкін екенін айтты. Мұхтар Хайдаровтың айтуынша, жер сілкінісінен кейін дүмпулердің біртіндеп бәсеңдеуі идеалды сценарий болар еді, бірақ іс жүзінде бәрі басқаша болуы мүмкін. Маман сейсмикалық құбылыстардың дамуының үш ықтимал сценариін атады. Біріншісі қолайлы, дүмпулер біртіндеп жойыла бастайды. Екіншісі – өзін-өзі қамтамасыз ету, бұл ұзақ мерзімді қауіпті аймақтың қалыптасуына әкелуі мүмкін процесс. Үшіншісі қауіпті, афтершоктардың дамуы қатты жер сілкінісіне әкелуі мүмкін.
@ss_tangestani Учителя- наши герои❤️ #рекомендации #fypシ゚viral #казахстан #землетрясение #чп ♬ оригинальный звук - ___mood___music