Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізді қашан өлтіріп кетеді екен деп қорқып отырамыз": Алматы полициясы 9 адамнан есірткіге ұқсас өнімді тәркіледі

Алматыдағы Алатау ауданына қарасты "Томирис" ықшамауданы тұрғындарының есірткіге ұқсас зат іздеушілермен күрес жүргізіп жатқанына бір аптадан асты. Нәтиже - 92 адам. "Есірткі" деп емес, "есірткіге ұқсас ұнтақ" деп жүргеніміз - полиция әзірге оның құрамы туралы тексеріс нәтижесін айтпады.

Бұл туралы «Сөздің шыны керекте» айтылды.

Сонымен, ел өз күштерімен есіктерінің алдынан ұнтақ іздеп жүрген 92 адамды ұстады. Полицияға тапсырды. Ал, полиция не істеді? 34 адамды қамауға алып, тоғызынан есірткіге ұқсас өнімді тәркілеп, сот-химиялық сараптамаға тапсырды. Құқық қорғау органы - олардан тәркіленіп алынған наркотикке ұқсас заттың көлемін де айтпай отыр. Тергеумен толық дәлелдегенде ғана ресми мәлімдемек. Заңгерлер болса, елімізде есірткі бизнесімен күрес нәтижесіз дейді. Себебі, Томиристегі зат есірткі болған күннің өзінде, оны іздейтіндердің барлығы дерлік - тұтынушылар, яғни, сатушылар немесе таратушылар емес дейді.

Дәрігерлер болса, соңғы уақытта синтетикалық есірткі түрін тұтынушылардың жастар арасында жиілеп кеткенін айтып, дабыл қағуда. Ең сорақысы - есірткінің бұл түрін қыздар жиі қолданатынын және олардың басым бөлігі - өздерінің науқас екенін түсінбейтіні дейді.

Еркін тасымалданып, ғаламтор арқылы-ақ саудасы қызып тұрған есірткі бизнесі, әсіресе, карантин кезінде тіпті, шарықтап кетті деп бізге осы синтетикалық наша түрін қолданып, ол дерттен әрең құтылған азамат сұхбат берді. Ол, бұл бизнестің көпшілік біле бермейтін қаупін, өз тілдерінде "клад" атайтын жерлердің Алматының кез келген бұрышында бар екенін айтты. Оны полиция біледі, бірақ күреспейді деді. бүгінгі тақырыбы осы.


"Болашақта күйзеліске түсіп, есірткі қолдануы мүмкін": Балаларды ұру мидың дамуына кері әсер ететіні анықталды


Алғашқы күні 20 адам, одан кейін 37, бір аптаның ішінде 92 адамды полицияға ұстап бердік дейді тұрғындар. Полиция олардың тек 9-нан есірткіге ұқсас зат тәркілеп, сот-химиялық сараптамасына тапсырды.

Тұрғындар ұстап берген адамды полиция босатып жібереді деп наразылық танытты. 

"Өздері қорықпайтын болған. Бізді жібере салады деп отырады. Сенімге кіріп алған. Бұл полиция көмектескеннен кейін солай", - деді тұрғын Қанат Достемісов. 

"Қашан бізді ұрлап кетеді? Қашан бізді атып кетеді? Қашан біді өлтіріп кетеді екен деп отырамыз", - деді тұрғын Жанар Бекбаева.

Ауданның сыртына қойылған патрульдік полицейлерге де ел сеніп отырған жоқ. Полиция қойылғаннан бері де ел 50-ге жуық жер қазғыштарды ұстап алған. 

Полиция 34 адамның қамауға алынғанын айтты. Егер олардың барлығының ағзасынан есірткі анықталса, жауапқа тартылмақ. 

Есірткі сатушыларға қосылған кинолагтер есірті сатуы мүмкін деген күдікке ілінген ерлі-зайыптылардың жертөлесін өз көзімен көрді. Жертөлесіне камера қойып қойған азамат мұны өз қауіпсіздігі үшін қойғанын айтып ақталды.

"Менде терезе жоқ, қақпа жоқ. Сондықтан өзімнің қауіпсіздігім үшін камера орнаттым. Сыртты бақылап отырамын", - деді азамат. 

"Көбіне трансформаторларға, мектептердің жанынан, қауіпсіз жерлерге тастап кетеді. Полиция басшылары олармен жұмыс істемейді", - деді есірткі бизнесімен күресте полициямен бірге жұмыс істеген Абзал есімді жігіт. 

Есімін өзгертен азамат 0,5 грамы 8 мың теңгеге саудаланып келген синтетикалық нашаның құны карантин кезінде 20 мың теңгеге өсіті дейді. Соның  өзінде сұраныс тым жоғары болған.

"Бұндай синтетикалық заттарды шегетіндерді емдеу - есірткі шегетіндерді емдеуден де қиын", - деді дәрігер Мәди Тоқанов.

Айтпақшы, Алматы полициясы 9 адамнан тәркілеген заттың есірткі екені сот-химиялық сараптамада расталса, 9 адамның да үстінен қылмыстық іс қозғалып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Жақында Алматыда есірткі сатқан студенттер ұсталды. Ал Шымкентте полиция қызметкерлері есірткі таратқан сегіз азаматты ұстады.

Талқылау