Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда есірткі сатқан студенттер ұсталды

Алматылық жастар есірткі сатып, ақша тапқан. Полиция назарына іліккен күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда полиция 20 және 22 жастағы есірткі сатушыларын тұтқындады. Олар қаланың көпқабатты үйлері орналасқан аймақта жүріп, полицейлердің назарына ілікті.

"Біздің бөлімнің қызметкерлері күдіктілерді таңғы алтыда “Көктем” ықшамауданында қолға түсіру бойынша арнайы іс-шараны жүргізді, нәтижесінде 2000 жылы туған К.есімді азамат және 1999 жылы туған С.есімді азамат ұсталды, бұрын есірткімен байланысты қылмыстары үшін жауапқа тартылған. Іс жүргізу тәртібінде олардан ұнтақ заты бар 72 орама тәркіленді, олардың тиесілігін қылмыстық іс шеңберінде тағайындалған сараптама анықтайды. Осы факті бойынша тергеу және тиісті жедел шаралар жалғасуда", – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Бұдан бөлек тәртіп сақшылары мопедтегі есірткі сатушысын да ұстады.

“Буран-073” патрульдік экипажы күдікті ер адамды кеше түнде Қарасай батыр мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында ұстады. Ұсталғанға дейін бірнеше минут бұрын ол өзінің құпия жерін босатқаны анықталды.

"Инспекторлардың күдігін 1995 жылы туған И.есімді азамат тудырды. Патруль көлігін көріп, ол тұрғын үйлердің аулаларына жасырынуға асықты. Алайда, бекер. Тергеу-жедел тобы ұсталған адамның жеке заттарынан түрлі-түсті орамаларды тәркіледі, шамасы, марихуана. Тәркіленген заттың кімдікі екендігін және шыққан жерін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. И.есімді азамматтың өзі есірткіні бұрын белгіленген мекен-жайларға тарататындығын және сол жерде бетбелгі жасайтындығын жоққа шығармайды. Өзі болса тауарды көп мөлшерде құпия орынның көмегімен алдырады", – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті бұрын ұқсас қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта қалаға есірткіні жеткізу және оны көтерме сату арналарын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені өткізілуде.

Бұған дейін Шымкентте есірткі тасымалдаған студенттер ұсталғаны хабарланды.

Талқылау